Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 227 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Бюджет кодексi
227-бап. Мемлекет кепілгерлігін беруді шектеу

1. Мемлекет кепілгерлігі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимит шегінде беріледі. 

2. Мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыз қаражаты мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия объектiлерiн құруға ғана пайдаланылады. 

3. Мемлекет кепілгерліктері бұрын тартылған қарыздарды қайта қаржыландыру ретінде немесе қарыздарға қызмет көрсету үшін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын қайтаруды қамтамасыз ету ретінде тартылатын қарыздар бойынша берілмейді. 

4. Мемлекет кепілгерліктерін беру лимитінің көлемі осы лимит белгіленген тиісті қаржы жылы шегінде ғана пайдаланылуы мүмкін. 

Ескерту. 227-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 380-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...225 226 227 228 229 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 227-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV