Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 5-1 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Бюджет кодексi
5-1-бап. Бюджет процесі саласындағы интегратордың функциялары

Бюджет процесі саласындағы интегратор: 

1) бюджет процесі саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға және дамытуға арналған пайдалану құжаттамасын қоспағанда, техникалық құжаттаманы әзірлеуді жүзеге асырады; 

2) бюджет процесі саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және оларды қолдап отыруды жүзеге асырады; 

3) бюджет процесі саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру, дамыту, оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсету және оларды қолдап отыру жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады; 

4) бюджет процесі саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің субъектілеріне консультациялық көмек көрсетеді; 

5) бюджет процесі саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері ақпараттық қауіпсіздігінің Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. 

Ескерту. 1-тарау 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 30.11.2017 № 112-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. БЮДЖЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ДЕҢГЕЙЛЕРІ 6-бап. Бюджеттің түрлері мен деңгейлері туралы жалпы ережелер


1. Қазақстан Республикасында мынадай деңгейлердегі бюджеттер: 

1) республикалық бюджет; 

2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері; 

3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет; 

4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері бекітіледі, атқарылады және дербес бюджеттер болып табылады. 

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері жергілікті бюджеттерге жатады. 

2. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда, Қазақстан Республикасында төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін. 

3. Қазақстан Республикасында талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттер, облыс бюджеті, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жасалады. 

Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. 

РҚАО-ның ескертпесі!

3-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 10.01.2018 № 132-VI Заңымен (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

Өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілмей, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарын біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры шоғырландырылған бюджет болып табылады. 

Облыс бюджеті өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетін біріктіретін орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. 

Өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілмей, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерін біріктіретін орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады. 

Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...4 5 5‑1 6 7 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-1-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV