Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 78 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Бюджет кодексi
78-бап. Жергілікті бюджеттің жобасын мәслихаттың тұрақты комиссияларында және сессиясында қарау

Ескерту. 78-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Жергілікті бюджеттің жобасы тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. 

2. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерінің қатарынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарына жергілікті атқарушы органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері тартылуы мүмкін. 

3. Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарының пікірлерін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есеп-қисаптармен жергілікті бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды тиісті мәслихат айқындаған тұрақты бас комиссияға жібереді. 

4. Тұрақты бас комиссия тұрақты комиссиялардың ұсыныстарын жинақтауды жүзеге асырады, ол мәслихаттың сессиясына шығарылады. Бұл ретте жинақтауға тиісті негіздемелері мен есеп-қисаптары бар ұсыныстар ғана енгізіледі. 

5. Тиісті мәслихаттың сессиясында жергілікті бюджеттің жобасын талқылау тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамның (адамдардың) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, жергілікті бюджеттің жобасы бойынша, сондай-ақ мәслихат уәкілеттік берген адамдардың баяндамаларын, жергілікті бюджеттің жобасы бойынша қорытындысын қоса, қамтиды. 

Тиісті мәслихаттың сессиясында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобасын талқылау аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамның (адамдардың) – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобасы жөніндегі, сондай-ақ мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) қорытындысымен бірге аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобасы жөніндегі баяндамаларын қамтиды. 

Тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында жергілікті бюджет жобасын талқылау жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған тікелей және түпкілікті нәтижелері туралы жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының баяндамасын қамтиды. 

Ескерту. 78-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...76 77 78 79 80 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 78-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV