Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Экологиялық кодексi
149-бап. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрларының бiрыңғай жүйесi

Ст. 149 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары мемлекеттiк кадастрларының бiрыңғай жүйесi (бұдан әрi - Кадастрлардың бiрыңғай жүйесi) Қазақстан Республикасының табиғи және экономикалық әлеуетiнiң бiрыңғай жалпы мемлекеттiк кешендi есебiн жүргiзу мен бағалауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары мемлекеттiк кадастрларының барлық түрлерiн бiрiктiретiн салааралық ақпараттық жүйе ретiнде құрылады және жүргiзiледi. 

2. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрлары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен табиғи ресурстардың сандық және сапалық көрсеткiштерi туралы ақпараттың жүйелендiрiлген жиынтығы болып табылады. 

3. Қоршаған ортаның құрамдас бөлiктерi: жер, су, орман, топырақ, жер қойнауы, өзара байланыста болатын өсімдіктер мен жануарлар дүниесi Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң объектiлерi болып табылады. 

4. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғи ресурстардың жай-күйi мен оларды пайдалану есебi деректерiнiң негiзiнде табиғи ресурстардың тиiстi түрлерiнiң мониторингiн жүзеге асыратын арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жүргiзедi. 

5. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрлары жүйесiнде географиялық байланысы мен ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiле отырып, әрбiр есепке алынған кадастрлық объектiге оның жай-күйi туралы цифрлы түрдегi құжаттамалық мәлiметтер қамтылады. 

6. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiн жүргiзудiң негiзгi принциптерi: 

1) кадастрлық ақпаратты өңдеу мен ұсыну технологиясының бiртұтастығы; 

2) автоматтандырылған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; 

3) ақпаратты толықтыру мен жаңартудың объективтiлiгi болып табылады. 

Ескерту. 149-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

150-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

150-бап. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң құрылымы мен мазмұны


Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң құрылымын мына есепке алу объектiлерi құрайды, олар бойынша мониторингтi мына арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады: 

1) мемлекеттiк жер кадастры бойынша - жер ресурстарын басқару саласындағы орталық уәкiлеттi орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде; 

2) мемлекеттiк су кадастры бойынша (жер үстi және жер асты су көздерi, су ресурстарын пайдалану) - қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану мен қорғау, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - өзендер бассейнi және әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде; 

3) мемлекеттiк орман кадастры бойынша - орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде; 

4) кен орындарының және пайдалы қазбалар көрiнiстерiнiң, техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастры бойынша - жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде; 

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастры бойынша - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде; 

6) жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк кадастры бойынша - жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде.
Статья 1 ...147 148 149 150 151 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 149-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212