Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Экологиялық кодексi

ҚР Экологиялық кодексi
176-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймақтарындағы құқықтық режим



Ст. 176 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Белгiлi бiр аумақта төтенше экологиялық жағдай мен экологиялық зiлзаланың құқықтық режимi белгiленген жағдайда мынадай шаралар: 

1) қолайсыз экологиялық жағдайдың туындауына себепшi болған объектiлер қызметiн тоқтату не шектеу; 

2) табиғи ресурстарды қалпына келтiру (молайту), қоршаған ортаны сауықтыру жөнiнде жедел шаралар; 

3) халыққа тұрақты немесе уақытша тұруы үшiн мiндеттi түрде үй-жайлар бере отырып, оларды тұруға қауiптi жерлерден көшiру; 

4) карантин белгiлеу және басқа да санитарлық-эпидемияға қарсы iс-шараларды жүзеге асыру; 

5) ауырған, өлiм-жiтiмге ұшырау қаупi туындаған жағдайда жануарларға көмек беру жөнiндегi қажеттi жұмыстарды жүргiзу; 

6) келудiң және кетудiң ерекше режимiн белгiлеу, көлiк құралдарының қозғалысын шектеу; 

7) жаңа құрылыс салуға және жұмыс iстеп тұрған, қызметi төтенше экологиялық жағдайларды жоюмен немесе халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз етумен байланысты емес кәсiпорындар мен басқа да oбъектiлердi кеңейтуге уақытша тыйым салу; 

8) қолайсыз экологиялық жағдайдың салдарынан зардап шеккен адамдар үшiн тамақ өнiмдерiн бөлудiң ерекше тәртiбiн енгiзу; 

9) жоғары экологиялық қауiп төндiретiн объектiлердi салуға және олардың жұмыс iстеуiне тыйым салу; 

10) жиынтық қасиеттерi және (немесе) жай-күйiнiң ерекшелiктерi осы аймақтағы экологиялық жағдайды ушықтыруы мүмкiн ерекше қауiптi (химиялық, радиоактивтi, уытты, жарылғыш, жанатын, биологиялық) заттарды, өсiмдiктердi қорғау құралдарын шаруашылық және өзге де қызметтерге қолдануға уақытша тыйым салуды белгiлеу; 

11) сауықтыру, курорттық мақсаттағы объектiлердiң жұмыс iстеуiне тыйым салу; 

12) адамдарға, өсiмдiктерге, жануарлар дүниесiне және басқа табиғи объектiлерге жоғары экологиялық қаупi бар кез келген басқа да қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу немесе оларға шектеу енгiзiлуi мүмкiн. 

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймақтарындағы құқықтық режимдi және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етедi.

Статья 1 ...174 175 176 177 178 ...326 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 176-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212