Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
62-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылары



Ст. 62 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Қаралатын мәселе бойынша ғылыми және (немесе) практикалық бiлiмi бар және қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы қоғамдық сараптама жүргiзуге тартқан жеке тұлға қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы болып табылады.  

2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы мыналар бола алмайды:  

1) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң тапсырыс берушiсiнiң өкiлi; 

2) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiн әзiрлеушiнiң өкiлi; 

3) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң аталған тапсырыс берушiсiмен немесе оны әзiрлеушiмен еңбек немесе өзге де шарттық қатынаста тұрған жеке тұлға;  

4) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң аталған тапсырыс берушiсiмен немесе оны әзiрлеушiмен шарттық қатынаста тұрған заңды тұлғаның өкiлi. 

3. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы оны жүргiзуге Қазақстан Республикасының заңнамасына және қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы берген тапсырмаға сәйкес қатысады. 

4. Қоғамдық экологиялық сараптама сарапшысының қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi жөнiнде қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысына қоса тiркелетiн ерекше пiкiр бiлдiруге құқығы бар. 

Қоғамдық экологиялық сараптама сарапшысы: 

1) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауға;  

2) экологиялық сараптама объектiсi бойынша өз қорытындысы тұжырымдарының объективтiлiгi мен негiздiлiгiн, сондай-ақ қоғамдық экологиялық сараптаманың атына мүдделi жеке тұлғалар мен қоғамдық бiрлестiктерден келiп түскен ескертпелер мен ұсыныстардың ескерiлуiн қамтамасыз етуге;  

3) материалдардың сақталуын және қоғамдық экологиялық сараптамаға ұсынылған мәлiметтердiң құпиялылығын, сондай-ақ зияткерлiк меншiктiң қорғалуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

Статья 1 ...60 61 62 63 64 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 62-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212