Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Экологиялық кодексi

ҚР Экологиялық кодексi
73-бап. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн рұқсатқа енгiзiлетiн табиғат пайдалану шарттары



Ст. 73 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Табиғат пайдаланушының Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын қызмет түрлерi үшiн арнаулы экологиялық талаптар мен нормалар қабылданған болса, қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн рұқсатқа осы талаптар мен нормалардың орындалуын қамтамасыз ететiн табиғат пайдалану шарттары енгiзiлуi мүмкiн. 

2. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн рұқсатқа табиғат пайдаланудың белгiлi бiр шарттарын енгiзу туралы шешiмдi рұқсат берген органдар қабылдайды. 

3. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларда көзделмеген табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн рұқсатқа енгiзуге тыйым салынады. 

4. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн рұқсатқа табиғат пайдалану шарттарын енгiзу тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. 

5. Табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсатқа енгізілген табиғат пайдалану шарттарының орындалуы туралы есепті рұқсат берген органға тоқсан сайын ұсынып отыруға міндетті. 

Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...71 72 73 74 75 ...326 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 73-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212