Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
8-бап. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры



Ст. 8 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - табиғат эталондары, уникумдар және реликттер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру, туризм мен рекреация нысанасы ретiнде экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды, мемлекеттiк қорғауға алынған қоршаған орта объектiлерiнiң жиынтығы.

2. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.

3. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру жолымен, сондай-ақ қоршаған ортаның экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды объектiлерiн пайдалануға тыйым салу мен шектеулер белгiлеу арқылы қамтамасыз етiледi.

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 8-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212