Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Азаматтық кодексi
141-бап. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарды қорғау



Ст. 141 ҚР Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы




1. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтары бұзылған жеке тұлғаның, осы Кодекстiң 9-бабында көзделген шаралардан басқа, осы Кодекстiң ережелерi бойынша моральдық зардаптарын өтетуге құқығы бар.

2. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтардың қорғалуын азаматтық iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiп бойынша сот жүзеге асырады.

3. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе құқық бұзған адамның кiнәсiне қарамастан, мүлiктiк емес өзiндiк құқықтар қорғалуға тиiс. Қорғау туралы талап қойған адам өзiнiң мүлiктiк емес өзiндiк құқығының бұзылуын нақты дәлелдеуге тиiс.

4. Мүлiктiк емес өзiндiк құқығы бұзылған адам өз таңдауы бойынша оны бұзушыдан бұзылу зардаптарын жоюды немесе бұзушының есебiнен өз бетiнше қажеттi әрекеттер жасауды не олардың орындалуын үшiншi жаққа тапсыруды талап етуi мүмкiн.

Ескерту. 141-бапқа өзгеріс енгiзiлдi - ҚР 1998.03.02 N 211, 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...139-1 140 141 142 143 ...405 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 141-бап ҚР Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы