Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 144 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Азаматтық кодексi
144-бап. Жеке бастың құпиясын сақтау құқығы

1. Азаматтың жеке бас құпиясын, оның iшiнде хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделiктер, естелiктер, жазбалар, iшкi жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясын, дәрiгерлiк, адвокаттық құпияны, банктiк салымдар құпиясын сақтауға құқығы бар.  

Жеке бас құпиясы заң құжаттарында белгiленген реттерде ғана ашылуы мүмкiн.  

2. Күнделiктердi, жазбаларды, естелiктердi және басқа құжаттарды жариялауға - олардың авторының келiсiмiмен, ал хаттарды олардың авторы мен алысушысының келiсiмiмен ғана жариялауға жол берiледi. Олардың қайсыбiрi қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамның артында қалған жұбайының және балаларының келiсiмiмен жариялануы мүмкiн.  

Ескерту. 144-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.

Статья 1 ...142 143 144 145 146 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 144-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы