Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Азаматтық кодексi

ҚР Азаматтық кодексi
170-бап. Сенiмхаттың тоқтатылуы



Ст. 170 ҚР Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы



1. Сенiмхаттың қолданылуы:  

1) сенiмхат мерзiмiнiң өтуi;  

2) сенiмхатта көзделген әрекеттердiң жүзеге асуы;  

3) сенiмхатты берушi адамның оның күшiн жоюы;  

4) сенiмхат берiлген адамның одан бас тартуы;  

5) өз атынан сенiмхат берген заңды тұлғаның тоқтатылуы;  

6) атына сенiмхат берiлген заңды тұлғаның таратылуы;  

7) сенiмхат берген адамның қайтыс болуы, оның әрекет қабiлеттiгi жоқ, әрекет қабiлеттiгi шектеулi немесе хабар-ошарсыз кеттi деп танылуы;  

8) сенiмхат берiлген азаматтың қайтыс болуы, оның әрекет қабiлеттiгi жоқ, әрекет қабiлеттiгi шектеулi немесе хабар-ошарсыз кеттi деп танылуы салдарынан тоқтатылады.  

2. Сенiмхатты берген адам сенiмхаттың немесе сенiм ауысуының күшiн кез келген уақытта жоя алады, ал сенiмхат берiлген адам одан бас тарта алады. Бұл құқықтан бас тарту туралы келiсiм жарамсыз болады.

Статья 1 ...168 169 170 171 172 ...405 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 170-бап ҚР Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы