Ст. 204 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2019
ҚР Азаматтық кодексi
204-бап. Оралымды басқаруға берiлген мүлiктi меншiктенушiнiң құқығы
1. Оралымды басқарудағы мүлiктi меншiктенушi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мекеме, қазыналық кәсiпорын құру, оның қызметiнiң мәнi мен мақсаттарын белгiлеу мәселелерiн шешедi, мемлекеттiк мекеменiң немесе қазыналық кәсiпорынның заң жүзiндегi тағдырын, оның қызметiнiң мазмұнын белгiлеуге құқығы бар. 2. Меншiк иесi мекеменiң, қазыналық кәсiпорынның меншiк иесi берген мүлiктi тиiмдi пайдалануы мен сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады.
3. Мекеменi бiрнеше меншiк иесi құрған жағдайда, олардың арасындағы қатынастар мен меншiк иелерiнiң өз мүлкiне билiк жүргiзу құқықтары құрылтай шартымен немесе сол сияқты келiсiммен белгiленедi.
Ескерту. 204-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1998.12.16 N 320, 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Добавить комментарий к 204-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы