Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 238 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Азаматтық кодексi
238-бап. Шарт бойынша мүлiк алушының меншiк құқығы пайда болатын кез

1. Шарт бойынша мүлiк алушының меншiк құқығы, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, зат берiлген кезден бастап пайда болады. 

1-1. Егер шарт бойынша мүлікті иеленушінің меншік құқығы мемлекеттік тіркелуге жататын болса, онда мүлікті иеленушінің меншік құқығы, егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, осындай тіркеу жасалған кезден бастап туындайды. 

2. Егер мүлiктi иелiктен айыру туралы шарт мемлекеттiк тiркеуге немесе нотариалдық куәландыруға жататын болса, алушының меншiк құқығы тiркелген немесе нотариат куәландырған кезден бастап, ал шартты нотариаттың куәландыруы да, мемлекеттiк тiркеу де қажет болған жағдайда ол тiркелген кезден бастап пайда болады. 

Ескерту. 238-бапқа өзгеріс енгiзiлдi - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...236 237 238 239 240 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 238-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы