Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 25 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Азаматтық кодексi
25-бап. Кәмелетке толмағандардың банкiлерге салымдар салу және салымдарға билiк ету құқығы

1. Кәмелетке толмағандар банкiлерге салымдар салуға және өздерi салған салымдарға дербес билiк етуге құқылы.  

2. Он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың (жас балалардың) атына басқа бiреудiң салған салымдарына олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi билiк етедi, ал он төрт жасқа толған кәмелетке толмағандар өздерiнiң атына басқа бiреу салған салымдарға өз бетiнше билiк етедi. 

Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 25-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы