Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Азаматтық кодексi

ҚР Азаматтық кодексi
9-бап. Азаматтық құқықтарды қорғау



Ст. 9 ҚР Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы



1. Азаматтық құқықты қорғауды сот, төрелік: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейін болған жағдайды қалпына келтіру; құқықты бұзатын немесе оны бұзуға қауіп төндіретін әрекеттердің жолын кесу; міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, тұрақсыздық айыбын өндіріп алу; мәмілені жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемін төлету; құқықтық қатынастарды тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттік басқару органының немесе жергілікті өкілді не атқарушы органның заңнамаға сәйкес келмейтін актісін жарамсыз немесе қолданысқа жатпайды деп тану; азаматқа немесе заңды тұлғаға құқықты иеленуіне немесе жүзеге асыруына кедергі келтіргені үшін мемлекеттік басқару органынан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндіріп алу арқылы, сондай-ақ заңнамалық актілерде көзделген өзге де тәсілдермен жүзеге асырады. 

2. Бұзылған құқықты қорғау үшiн өкiмет билiгi немесе басқару органына өтiнiш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, құқық қорғау туралы талап қойып сотқа жолдануға кедергi жасамайды.  

3. Заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде азаматтық құқықтарды қорғау құқығы бұзылған адамның тiкелей iс жүзiндегi немесе заңдық әрекеттерiмен жүзеге асырылуы мүмкiн (өзiн-өзi қорғау).  

4. Құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне келтiрiлген залалдың толық өтелуiн талап ете алады.  

Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиiстi шығыстар, оның мүлкiнiң жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бiрақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) залалдар деп түсiнiледi.  

5. Мемлекеттiк өкiмет билiгi органының, өзге де мемлекеттiк органның заңдарға сай келмейтiн құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекетi (әрекетсiздiгi) салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасы немесе тиiсiнше әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс өтеуге тиiс.  

6. Егер тәртiп бұзудың құқықтық салдарының пайда болуы тәртiп бұзушының кiнәсiне байланысты болса, заң құжаттарында өзгеше көзделгеннен басқа жағдайларда, ол кiнәлi деп ұйғарылады. 

Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.04.2016 № 489-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...405 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап ҚР Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы