Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
1124-бап. Қорғаншылық және қамқоршылық



Ст. 1124 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Кәмелетке толмағандарға, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық пен қамқоршылық белгiленедi және олардың күшi өзiне қатысты қорғаншылық пен қамқоршылық белгiленетiн немесе алып тасталатын адамның жеке заңы бойынша жойылады.
 
2. Қорғаншының (қамқоршының) қорғаншылықты қамқоршылықты) қабылдау мiндетi қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалатын адамның жеке заңы бойынша белгіленеді.
 
3. Қорғаншы (қамқоршы) мен қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) адамның арасындағы құқықтық қатынастар мекемесі қорғаншыны (қамқоршыны) тағайындаған елдің құқығы бойынша белгіленеді. Алайда қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) осы адам Қазақстан Республикасында тұратын болса, егер осы адам үшін бұл неғұрлым қолайлы болса, Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
 
4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына белгіленген қорғаншылық (қамқоршылық), егер Қазақстан Республикасының тиісті консулдық мекемесінің қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуге қарсы немесе оны тануға қарсы заңға негізделген қарсылықтары болмаса, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
 
 
Қазақстан Республикасының
Президенті

Статья 406 ...1122 1123 1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1124-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409