Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 152 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
152-бап. Талап қою арызын қайтару

1. Егер: 

1) талап қоюшы істердің осы санаты үшін заңда белгіленген немесе тараптардың шартында көзделген дауды сотқа дейін реттеудің тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса; 

2) іс осы соттың соттылығына жатпаса; 

3) талап арыз осы Кодекстің 148-бабының, 149-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларының, 1-1-бөлігінің талаптарына сәйкес келмесе және істі сот талқылауына дайындау сатысында кемшіліктерді жоюдың мүмкін еместігі анықталатын болса; 

4) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе; 

5) арызға оған қол қоюға немесе оны беруге өкілеттігі жоқ адам қол қойса; 

6) осы немесе басқа соттың не төреліктің іс жүргізуінде сол тараптардың арасындағы, сол нысана туралы және сол негіздер жөніндегі дау бойынша іс болса; 

7) егер заңда өзгеше көзделмесе, осы дауды төреліктің шешуіне беру туралы тараптар арасында заңға сәйкес келісім жасалса; 

8) коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган жылжымайтын затты есепке қабылдаған күннен бастап бір жыл өткенге дейін осы затқа коммуналдық меншік құқығын тану туралы сотқа жүгінсе; 

9) талап қоюшы өзі берген талап қою арызын қайтару туралы мәлімдесе, судья талап қою арызын қайтарады. 

2. Судья талап қою арызын қайтару туралы ұйғарым шығарады, онда, егер іс осы соттың қарауына жатпаса, адам қандай сотқа жүгіну керектігін, не азаматтық істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жоюға болатындығын көрсетеді. Ұйғарым талап қою арызы сотқа келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шығарылуға және қоса берілген барлық құжаттарымен бірге талап қоюшыға тапсырылуға немесе жіберілуге тиіс. 

3. Талап қою арызын қайтару, егер талап қоюшы жіберілген бұзушылықты жоятын болса, сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюшының талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі болмайды. 

4. Талап арызды қайтару туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады. 

Ескерту. 152-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...150 151 152 153 154 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 152-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ