Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 157 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
157-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау

1. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды, егер ол талап қою арызына қоса берілсе немесе бұл туралы талап қою арызында көрсетілсе, азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарылған күні судья қарайды және шешеді. Қалған жағдайларда талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья арыз сотқа келіп түскен күні шешеді.  

2. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья іске қатысатын адамдарға, төрелік талқылау тараптарына хабарламай, сот отырысын өткізбей қарайды және шешеді. 

Судья арызды қараудың нәтижелері бойынша осы Кодекстің 156-бабында көзделген қамтамасыз ету шараларын көрсете отырып, талап қоюды қамтамасыз ету туралы немесе арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

Статья 1 ...155 156 157 158 159 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 157-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ