Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 186 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
186-бап. Сот талқылауының тікелей және ауызша болуы

1. Сот іс пен дауды қараған және шешкен кезде iс бойынша дәлелдемелердi тiкелей зерттеуге міндетті. 

Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істерді қоспағанда, сот тараптардың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың түсiнiктемелерiн, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, құжаттармен танысуға, заттай дәлелдемелердi қарап шығуға, дыбысжазбаларды тыңдауға және бейнежазбаларды, киноматериалдарын, фотоматериалдарды көруге, ақпаратты түрлендірудің өзге де құралдарының материалдарымен танысуға мiндеттi. Қажет болған жағдайларда iс бойынша дәлелдемелердi зерттеген кезде сот маманның консультациялары мен түсiндiрмелерiн тыңдайды. 

2. Сот отырысында істi талқылау ауызша жүргiзiледi. Істі қарау процесінде судья алмастырылған жағдайда талқылау басынан бастап жүргізілуге тиіс. 

3. Сот іске қатысатын басқа да тұлғалар тараптарының түсініктемелерін, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауды бейнеконференцбайланыс арқылы жүзеге асыра алады.
Статья 1 ...184 185 186 187 188 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 186-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ