Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 389 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
389-бап. Арыз бойынша сот шешімі

1. Іс жүргізуді тоқтату туралы соттың шешімі немесе ұйғарымы, егер ол іс бойынша шығарылса, міндетті түрде қалпына келтірілуге жатады.  

2. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы жоғалған сот шешімін немесе ұйғарымын қалпына келтіру туралы сот шешімінде сотқа табыс етілген және жоғалған іс жүргізу бойынша процеске барлық қатысушылардың қатысуымен сот отырысында зерттелген қандай нақты деректердің негізінде сот қалпына келтірілетін сот актісінің мазмұны анықталды деп санайтыны көрсетіледі.  

3. Жоғалған іс жүргізуді қалпына келтіру туралы іс бойынша шешімнің уәждеу бөлігінде соттың қандай дәлелдемелерді зерттегені және жоғалған іс жүргізу бойынша қандай процестік әрекеттердің жасалғаны дәлелденгені туралы соттың түйіндері де көрсетіледі.  

4. Егер шешімді орындау жүргізілсе, жоғалған атқарушылық іс жүргізу қалпына келтіріледі.  

5. Жасалған және сот орындаушысы орындау кезінде актіде көрсеткен әрекеттердің мәні көрсетіле отырып, сот шешімінің орындалуы туралы акт сот шешімімен қалпына келтіріледі.  

6. Атқарушылық іс жүргізу шешім орындалғанға дейін жоғалған кезде атқару парағының телнұсқасы берілуі мүмкін жағдайда, сот жоғалған атқарушылық іс жүргізуді қалпына келтіру туралы істі қозғаудан уәжді ұйғарыммен бас тартады.
Статья 1 ...387 388 389 390 391 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 389-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ