Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Азаматтық процестік кодексі

ҚР Азаматтық процестік кодексі
57-бап. Сотта істі өкілдер арқылы жүргізу



Ст. 57 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ




1. Азаматтар өз істерін сотта жеке өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске өзінің қатысуы оны бұл іс бойынша өкілінің болу құқығынан айырмайды. 

2. Заңды тұлғалардың істерін сотта өздеріне заңмен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін олардың басшылары және (немесе) олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғаның басшысы сотқа өзінің қызмет бабын немесе өкілеттігін куәландыратын құжаттарды ұсынады. 

Сенімхатқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген істі сотта жүргізуге тиісті түрде ресімделген өкілеттіктері бар әрекетке қабілетті адам осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес сотта өкіл бола алады. 

3. Мыналар: 

1) осы Кодекстің 58-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда; 

2) осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кассациялық сатыдағы сотта осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген тұлғалардың өкілдері болып табылады.


Статья 1 ...55 56 57 58 59 ...505 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 57-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ