Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Азаматтық процестік кодексі

ҚР Азаматтық процестік кодексі
8-бап. Тұлғаның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау



Ст. 8 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ



1. Әркім бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 

2. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде, азаматтар мен заңды тұлғалар осы Кодексте белгіленген тәртіппен басқа тұлғалардың немесе тұлғалардың белгісіз бір тобының бұзылған немесе даулы заңды мүдделерін қорғау туралы арыз беріп, сотқа жүгінуге құқылы. 

Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қоюды (арыз) беріп, сотқа жүгінуге құқылы. 

3. Өзінің келісімінсіз ешкімге ол үшін заңда көзделген соттылық өзгертілмейді. 

4. Егер заңға қайшы келсе немесе кімнің де болсын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін бұзса, сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады. 

5. Талап қою (арыз) осы Кодексте көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, сотқа жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін. 

6. Егер істердің белгілі бір санаты үшін дауды сотқа дейін реттеу тәртібі заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, сотқа жүгіну осы тәртіп сақталғаннан кейін мүмкін болады.

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...505 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 8-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ