Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Азаматтық процестік кодексі
84-бап. Маманның немесе сарапшының тірі адамнан үлгiлерді алуы



Ст. 84 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ



1. Судья өзiнен үлгілер алынуға тиiс адамды, сондай-ақ тиiстi тапсырмасы бар ұйғарымды маманға жiбередi. Ұйғарымда осы процестік әрекетке барлық қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлуге тиiс. 

2. Маман судьяның тапсырмасы бойынша қажеттi әрекеттердi жүргізеді және сараптамалық зерттеу үшін талап етілетін үлгілердi алады. Yлгiлер оралады және мөрленеді, одан кейiн маман жасаған ресми құжатпен бiрге судьяға жiберiледi. 

3. Сарапшы зерттеу жүргiзгеннен кейiн үлгiлердi оралған және мөрленген түрде өзiнiң қорытындысына қоса тiркейдi. 

4. Сарапшы зерттеу процесінде эксперименттік үлгілерді дайындауы мүмкін, бұл туралы ол қорытындыда хабарлайды. 

5. Егер үлгілерді судьяның тапсырмасы бойынша маман немесе сарапшы алса, ол ресми құжат жасайды, бұған процестік әрекетке барлық қатысушылар қол қояды және іс материалдарына қоса тіркеу үшін судьяға беріледі. 

6. Алынған үлгілер оралған және мөрленген түрде хаттамаға қоса беріледі.

Статья 1 ...82 83 84 85 86 ...505 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 84-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ