Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 112 ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

ҚР Орман кодексi
112-бап. Орман мекемелерiнiң ақылы қызметтерiнен түскен қаражаты

1. Орман мекемелерiнiң өздерiнiң негiзгi қызметiне жатпайтын мынадай тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу:  

1) елдi мекендердi көгалдандыру үшiн отырғызылатын материалдарды өсiру және орман тұқымдарын жинау, көгалдандыру, қорғау, плантациялық және өзге де екпелердi отырғызу, оқу практикаларын өткiзу;  

2) басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және басқа да мақсаттарда ағаш кесуді, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесуді жүргізу кезінде алынған сүректі қайта өңдеуден алынған тауарлар мен өнімді, сондай-ақ жанама орман пайдалану өнімін өткізу және сүректі қайта өңдеу жөніндегі қызметтерді көрсету; 

3) орман мекемелерінің аумақтары шегінде халыққа жүк тасымалдау жөнінде көлік қызметтерін көрсету; 

4) орман пайдаланушымен жасалған шартқа сәйкес сүрек дайындау үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыруды жүзеге асыру есебінен қаражаты болуына құқылы. 

1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерінен табыс алу мақсатында орман мекемелері мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысуға құқылы. 

2. Орман мекемелерiнiң қаражатын пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

3. Орман мекемелерiнiң қаражатын ормандарды күзетуге, қорғауға, молықтыруға және орман өсiруге, жанама орман пайдалануға байланысты емес мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.  

Ескерту. 112-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.07 N 176, өзгерістер енгізілді - 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-1-тарау. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау


Ескерту. Кодекс 18-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...110 111 112 112‑1 112‑2 ...118

Перейти к статье






Добавить комментарий к 112-бап ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477