Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Орман кодексi

ҚР Орман кодексi
65-бап. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар



Ст. 65 ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477



1. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүргізу саласында маманданған ұйымдар жүзеге асырады. 

2. Ормандарды өрттерден күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды орындау үшін орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүргізу саласында маманданған ұйымдар мемлекеттік метеорологиялық қызметтің қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді ауа райы болжамдарымен қамтамасыз етіледі. 

Ескерту. 65-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...63 64 65 65-1 66 ...118 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 65-бап ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477