Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Орман кодексi

ҚР Орман кодексi
73-бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу



Ст. 73 ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477



1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру жөнiндегi iс-шаралар орман өсiру жағдайы мен экономикалық мақсатқа сәйкестiгi ескерiле отырып, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталып, неғұрлым қысқа мерзiмде өнiмдiлiгi жоғары және төзiмдi екпелер жасауды қамтамасыз ететiн әдiстермен жүргiзiлуге тиiс.  

2. Мемлекеттiк орман қорында ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi жұмыстар көлемi орман орналастыру және осы салаға маманданған басқа да жобалау-iздестiру ұйымдары әзiрлеген, мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен жобалармен айқындалады.  

3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi. 

3-1. Мемлекеттік орман қорында орман дақылдарын, питомниктерді, орманның табиғи қалпына келуіне жәрдемдесу шаралары жүргізілген және табиғи өсуге қалдырылған алаңдарды түгендеу уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады. 

4. Жекеше орман қоры жерлерiнде орман өсiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.  

Ескерту. 73-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 176, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...71 72 73 74 75 ...118 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 73-бап ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477