Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Орман кодексi
8-бап. Орман қорының жерлерi



Ст. 8 ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477



1. Орман қорының жерлерi мемлекеттiк және жекеше орман қоры жерлерiне бөлiнедi.  

2. Мемлекеттiк орман қорының жерлерiне табиғи түрде ағаш өскен, бюджет қаражаты есебiнен қолдан ағаш өсiрiлген және ағаш өспеген (орманды және ағаш өспеген алқаптар), орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттiк ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берiлген жерлер жатады.  

3. Жекеше орман қоры жерлеріне Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға орман өсіру үшін нысаналы мақсатпен берілген: 

1) қолдан өсірілген екпелер; 

2) табиғи тұқымдық және (немесе) вегетативтік жолмен пайда болған екпелер; 

3) жекеше орман питомниктері; 

4) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер; 

5) агроорман-мелиорациялық екпелер; 

6) жеке меншіктегі шаруашылық автомобиль жолдарына бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелер орналасқан жерлер жатады. 

4. Мемлекеттiк орман қоры жерлерiнiң шекарасы жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде орман орналастыру материалдарының негiзiнде белгiленедi және нақтыланады.  

5. Мемлекеттiк орман қорының жерлерiн сатып алу-сату, кепiлге беру және басқа мәмiлелер жасасу арқылы иелiктен шығаруға жол берiлмейдi.  

6. Орман қорының жерлерiн беру, алып қою және пайдалану тәртiбi осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының Жер және Азаматтық кодекстерімен айқындалады.  

Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 176, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...118 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 8-бап ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477