Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 90 ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

ҚР Орман кодексi
90-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүрек дайындаудың мынадай түрлерi:  

1) толысқан және қураған сүрекдiңдерде жүргiзiлетiн, басты мақсатта пайдалану үшiн;  

2) аралық мақсатта пайдалану үшiн (орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, iрiктеп санитарлық мақсатта ағаш кесу және құндылығы төмен орман екпелерiн, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа қасиеттерiн жоғалтқан екпелердi қайта жаңғыртуға байланысты ағаш кесу, жас шыбықтарды жекелеп кесу);  

3) өзге де мақсатта пайдалану үшiн (жаппай санитарлық мақсатта ағаш кесу, су тораптарының, құбырлардың, жолдардың құрылысына байланысты, орман соқпақтарын тарту, өртке қарсы жыралар жасау кезiнде орман алаңдарын тазарту, өтiмдi үйiндiлердi жинау, өзге де мақсаттар үшiн ағаш кесу) ағаш кесу тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Статья 1 ...88 89 90 91 92 ...118

Перейти к статье






Добавить комментарий к 90-бап ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477