Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 132 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Салық кодексi
132-бап. Ірі салық төлеушілер мониторингін жүргізу тәртібі

1. Ірі салық төлеушілер мониторингін жүргізу барысында уәкілетті орган ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілерден салықтарды есептеудің дұрыстығын және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеудiң (ұстап қалудың және аударудың) уақтылы болуын растайтын құжаттарды және жазбаша түсіндірулерді, сондай-ақ, еншiлес ұйымдарының қаржылық есептiлiгiн қоса алғанда, салық төлеушiнің (салық агентінің) қаржылық есептiлiгін ұсынуды талап етуге құқылы. 

Бұл ретте осы талапты ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушiлер талап ету табыс етілген күннен кейінгi күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде орындауға тиіс.  

2. Міндетті мониторинг нәтижелерi бойынша бұзушылықтар мен алшақтықтар анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган бұлар жөнінде ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушiге хабар береді. 

Бұл ретте ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушi осындай хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн ішінде жазбаша түсiнікті ұсынуға мiндеттi.  

Уәкілетті орган ұсынылған түсiнікпен келіспеген жағдайда, ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын осындай салық төлеушiні қосымша құжаттар мен түсiніктерді ұсына отырып, туындаған мәселелерді талқылау үшiн шақыруға құқылы. 

Уәкiлеттi орган мониторинг нәтижелерiн қарау қорытындылары бойынша жазбаша түрде уәжді шешім шығарады, ол шығарылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушiге жіберіледі. 

Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушi шешіммен келiсу туралы хабарламаны алған күнінен бастап күнтiзбелiк бес күн ішінде ұсынады.
Статья 1 ...130 131 132 133 136 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 132-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ