Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 26 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

ҚР Салық кодексi
26-бап. Уәкілеттi мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен уәкілетті тұлғалардың салық органдарымен өзара іс-қимылы кезіндегі мiндеттерi

Ескерту. 26-баптың тақырыбына өзгерістер енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тiркеуді, қайта тiркеудi және есептік тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелген, қайта тіркелген, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуы мемлекеттік тіркелген, құрылымдық бөлімшенің есептік тiркеуге қойылған, қайта тіркелген, есептік тiркеуден шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені, қайта тіркелгені, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуының мемлекеттік тіркелгені, құрылымдық бөлімшенің есептік тiркеуге қойылғаны, қайта тіркелгені, есептік тiркеуден шығарылғаны туралы мәліметтерді электрондық хабарлама арқылы салық органына, екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға ұсынуға мiндеттi. 

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, лицензияларды, куәлiктердi немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды берудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдар лицензиялар және оларға қосымша (қосымшалар), куәлiктер немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттар берiлген (тоқтатылған) салық төлеушiлер және бюджетке төленетін төлемдер салынатын объектiлер туралы мәлiметтердi осы Кодекстiң 18-бөлiмiнде белгiленген тәртiп пен мерзiмдерде және уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар бойынша өзiнiң орналасқан жерiндегi салық органдарына ұсынуға мiндеттi. 

Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беруді жүзеге асыратын ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, мерзiмдерде және нысандар бойынша өзiнiң орналасқан жерiндегi салық органдарына ұсынуға мiндеттi. 

3. Салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдар және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша салық органдарына ұсынуға мiндеттi. 

4. Бюджетке төленетін төлемдерді жинауды, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдар және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми, экологиялық-ағартушылық, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсатында пайдаланатын жеке тұлғаларды қоспағанда, ұсынылатын мәліметтерде салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін көрсетуге мiндеттi. 

5. Шетелдiктердің келуiн (кетуiн) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган олардың келу мақсатын, орнын және болу мерзiмiн көрсете отырып, келушi шетелдiктер туралы мәлiметтердi уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салық органына олардың келуiн (кетуiн) тiркегеннен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi. 

6. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшарттардың қолданылуының тоқтатылғаны туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша уәкілетті органға ұсынуға міндетті.  

6-1. Индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар және осындай сынықтар мен қалдықтарды өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органмен келісу бойынша индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша уәкілетті органға ұсынуға міндетті. 

7. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар салық агенті болып табылатын бейрезидент туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы Кодекстің 650-бабына сәйкес салықтық міндеттемелер туындайтын мәміленің қатысушылары және оның параметрлері туралы мәліметтерді өзінің орналасқан жеріндегі салық органына акцияларды немесе қатысу үлестерін сатып алу-сату жөніндегі мәмілелер жүзеге асырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынуға мiндеттi. 

8. Қазақстан Республикасының Сыртқы ісер министрлігі Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдігінің орналасқан жеріндегі салық органына осындай дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдіктің аккредиттелгенін және орналасқан жерін растайтын құжаттарды аккредиттелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті. 

9. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган тексерілетін салық төлеушіге қатысты салықтық тексеру барысында уәкілетті органның сұрау салуы бойынша еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсынады. 

10. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган коллекторлық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушіге қатысты құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті. 

11. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық бөлімшелері қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың айырбастау пунктері жөніндегі мәліметтерді салық органдарына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті. 

12. 01.01.2021 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

13. Нотариустар уәкілетті органға жеке тұлғалар бойынша мынадай: 

1) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік бойынша мәмілелер мен шарттар; 

2) мұраға құқық туралы берілген куәліктер; 

3) осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген шарттарды қоспағанда, егер мәміледе (шартта) көзделген бағасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінен асатын жағдайда, осы тармақта көрсетілмеген басқа да мәмілелелер мен шарттар; 

4) жеке тұлғалар арасында жасалған қарыз шарттары; 

5) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жатпайтын мүлікті беру жөніндегі өзге де шарттар туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді ұсыну нысанын, тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді. 

14. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бағалы қағаздарды ұстаушы – жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы қолда бар мәліметтерді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша ұсынуға міндетті. 

15. Брокерлер салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы мәліметтерді, ал тауар биржалары жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен жасаған мәмілелері туралы мәліметтерді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша ұсынуға міндетті. 

15-1. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган жеке тұлғалардың биржалық тауарлармен жасаған мәмілелері туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті. 

16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлға уәкілетті органға жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті. 

17. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша және тәртіппен ұсынуға міндетті. 

18. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғалар жұмсаған, білім беруге арналған шығыстарды растау туралы салық органының талабын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде мәліметтерді осы Кодекстің 112-бабында айқындалған тәртіппен ұсынуға міндетті. 

19. Денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғалар жұмсаған, медицинаға арналған шығыстарды растау туралы салық органының талабын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде мәліметтерді осы Кодекстің 112-бабында айқындалған тәртіппен ұсынуға міндетті. 

19-1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті орган тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалар туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша салық органдарына ұсынуға міндетті. 

19-2. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті. 

19-3. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті. 

19-4. Мәдениет саласындағы уәкілетті орган елдің тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтарға ие жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсынуға міндетті. 

19-5. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган шаруашылық бойынша есепке алу кітабында ескерілген әкімшілік деректерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті. 

19-6. Халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган әлеуметтік жәрдемақылар алатын адамдар бойынша және оларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері туралы, сақтандыру ұйымдарынан төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, зейнетақы төлемдерін алатын адамдар бойынша және олардың мөлшері туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті. 

20. Салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке төленетін төлемдер салынатын (алынатын) объектілер) және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді салық органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының автоматтандырылған өзара іс-қимылына арналған тиісті бағдарламалық қамтылымды пайдаланыла отырып, электрондық нысанда ұсыну уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. 

Уәкілетті мемлекеттік органдар және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке төленетін төлемдер салынатын (алынатын) объектілер) және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді электрондық нысанда ұсынған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдардың және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметтерін қағаз жеткізгіште ұсыну талап етілмейді. 

21. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді берген кезде осындай көлік құралының Қазақстан Республикасының аумағына алғаш әкелінген күні туралы, сондай-ақ оны шығарушы ел туралы мәліметтердің берілуін қамтамасыз етеді. 

22. Жергілікті атқарушы органдар халыққа қалалық қоғамдық көлікпен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету бөлігінде салық төлеушілердің билеттерді пайдалануы туралы есепті орналасқан жеріндегі салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсынады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

23-тармақ 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

23. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган "Aстана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар туралы мәліметтерді салық органдарына уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті. 

24. Сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқысты жою), лифтілерге қызмет ету қызметтерін және (немесе) тасымалдар саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдар үшінші тұлғаларға ұсынылған көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынады. 

Салық органдары бұл мәліметтерді осы Кодексте көзделген жағдайларда салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру үшін пайдаланады. 

Мәліметтерді ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

25. Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялар туралы келісім жасауға уәкілеттік берген уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органға инвестициялар туралы жасалған келісімдер және мұндай келісімдердің бұзылуы туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге де мәліметтерді уәкілетті орган инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша ұсынуға міндетті. 

26. Цифрлық майнингтік пул уәкілетті органға цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, осындай мәліметтерді ұсынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей ай сайын ұсынады. 

27. Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары Қазақстан Республикасының резиденттері цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар және цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді уәкілетті органға есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей, уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес ұсынады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

28-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 12.12.2023 № 45-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 196-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.03.2023 № 213-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...24‑1 25 26 27 28 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться