Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
287-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын көтерме және бөлшек саудада өткiзуге жатқызу өлшемдері



Ст. 287 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Егер сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша сатып алушы акцизделетiн бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын қабылдауға және оларды одан әрi өткiзу үшiн пайдалануға міндеттенсе, осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша:

1) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өндiрушi;

1-1) өзіне меншік құқығында тиесілі алыс-беріс шикізатты қайта өңдеу нәтижесінде бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда) және (немесе) дизель отынын одан әрі өткізу мақсатында алған мұнай беруші;

2) осы Кодекстің 574-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрған және Қазақстан Республикасының аумағына меншікті бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда) және (немесе) дизель отынын одан әрi өткiзу мақсатында әкелуді жүзеге асырған салық төлеушi ұсынушылар болып табылған жағдайда, аталған тауарларды өткiзу көтерме сауда арқылы өткiзу саласына жатқызылады.

Көтерме саудада өткізу саласына бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын одан әрі өткізу үшін құрылымдық бөлімшелерге жөнелту де жатады.

2. Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын бөлшек саудада өткiзу саласына осы баптың 1-тармағында аталған ұсынушылар жүзеге асыратын:

1) алыс-беріс шикізаты мен материалдардан, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынынан дайындалған мұнай өнімдерін өндірушілердің тұлғаларға оларды өндiрiстiк мұқтаждар үшiн өткiзуі, сондай-ақ беруі;

2) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткiзу;

3) өндiрiлген немесе одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалану операциялары жатады.

Ескерту. 287-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...285 286 287 288 289 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 287-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы