Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
387-бап. Базалық салық мөлшерлемелерін түзету



Ст. 387 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Жергілiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының мөлшерлемелерін осы Кодекстiң 379, 381 және 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан асырмай төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар. 

Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының мөлшерлемелерін жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.  

Бұл ретте жергілікті өкілді орган жер салығының мөлшерлемелерін төмендету немесе жоғарылату туралы мұндай шешімді енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей қабылдайды және ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 

Жергілікті өкілді органның жер салығының мөлшерлемелерін төмендету немесе жоғарылату туралы шешімі ресми жариялануға жатады.  

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 386-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды. 

1-1. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

2. Мынадай төлеушiлер салықты есептеген кезде тиiстi мөлшерлемелерге 0,1 коэффициенттi қолданады:  

1) балаларды сауықтыру мекемелерi;  

2) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстiң 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;  

3) осы Кодекстiң 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар;  

4) қызметiнiң негiзгi түрi ормандарда өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру, өртке, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;  

5) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттiк кәсiпорындар;  

6) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорын;  

7) психоневрологиялық және туберкулез мекемелерi жанындағы емдеу-өндiрiстiк кәсiпорындар.  

3. Осы Кодекстiң 135-бабының 3-тармағында және 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар салықты есептеу кезінде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициентiн қолданады. 

3-1. Алып тасталды - ҚР 2014.06.12 № 209-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледі) Заңымен. 

3-2. Технологиялық парктер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген қызметтің негізгі түрін жүзеге асыру үшін бөлінген жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0,1 коэффициентін қолданады. 

Осы тармақтың ережелерін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін: 

1) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес құрылған; 

2) осындай технологиялық парктердің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы. 

3-3. Осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағы 1) тармақшасы екінші абзацының талаптарына сай келетін заңды тұлға халықаралық мамандандырылған көрме объектілеріне бөлінген және халықаралық мамандандырылған көрменің аумағында орналасқан жер учаскелері бойынша жер салығын есептеген кезде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағының үшінші абзацында көрсетілген заңды тұлғаларға жер учаскесі немесе оның бір бөлігі (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) мүліктік жалдауға (жалға беруге), өзге де негіздерде пайдалануға тапсырылған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесі немесе оның бір бөлігі (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) мүліктік жалдауға (жалға беруге), өзге де негіздерде пайдалануға тапсырылған жағдайларда қолданылмайды. 

Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу аяқталған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне қолданылмайды. 

4. Егер осы баптың 4-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағында көрсетілген жер салығын төлеушiлер жер учаскесiн немесе оның бiр бөлiгiн (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бiрге не оларсыз) мүліктік жалдауға (жалға беруге), өзге де негіздерде пайдалануға беру немесе оларды коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезiнде салықты 0,1 коэффициентті қолданбай, осы Кодекстің 55-тарауында белгiленген тәртіппен есептейдi. 

4-1. Осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар жалға алғаны, пайдаланғаны үшін төлемақысы мемлекеттік бюджетке түсетін жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру кезінде осындай оъектілер бойынша жер салығын есептеген кезде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0,1 коэффициентін қолданады. 

5. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын осы Кодекстiң 17-тарауында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi. 

6. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Ескерту. 387-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.19 N 395-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.09 N 535-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 151-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 07.03.2014 N 177-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 2014.06.12 № 209-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледі); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

55-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ


Статья 1 ...385 386 387 388 389 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 387-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы