Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
518-бап. Жалпы ережелер



Ст. 518 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы):  

1) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын;  

2) ұялы байланысты беру құқығы үшін алынады.  

2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы (бұдан әрі – құқық) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.  

3. Байланыс саласындағы аумақтық уәкiлеттi мемлекеттiк органдар өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлеушілер және төлемақы сомалары туралы, сондай-ақ салық салу объектiлерi туралы мәлiметтерді мынадай мерзімде: 

1) осы Кодекстің 521-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайда, – салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей; 

2) осы Кодекстің 521-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда – салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланыс ұсынуға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей табыс етеді. 

Ескерту. 518-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...516 517 518 519 520 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 518-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы