Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстанның Даму Банкi туралы

Қазақстанның Даму Банкi туралы
16-бап. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы



Ст. 16 Қазақстанның Даму Банкi туралы 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 178



1. Даму Банкінің жарғылық капиталы кемінде екі жүз елу миллиард теңгені құрайды.

 2. Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығының параметрлерін (коэффициенттерін), олардың шекті мәндерін және есептеу әдістемесін айқындайды.

 Қаржылық тұрақтылық параметрлерінің (коэффициенттердің) нашарлау жағына қарай күтілетін өзгеруі кезінде және параметрлердің (коэффициенттердің) аз дегенде біреуі бойынша шекті мәндерге қол жеткізген кезде Даму Банкінің жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген рәсімдерге сәйкес ұлғайтылуы мүмкін.

 Жарғылық капитал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге жағдайларда да ұлғайтылуы мүмкін.

Несие портфелінің активтерге ең жоғары арақатынасы Меморандумда белгіленеді.

 3. Алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 19.03.2014 N 179-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...28 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 16-бап Қазақстанның Даму Банкi туралы 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 178