Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы
24-бап. Жолдарды жобалау, салу, қайта жаңарту, жөндеу, күту және басқару кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi талаптар



Ст. 24 Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы



1. Қазақстан Республикасының аумағында жолдарды жобалау, салу, қайта жаңарту, жөндеу, күту және басқару техникалық   регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптары негiзiнде және соларды сақтай отырып орындалуға тиiс.

Жолдарды жобалау, салу және қайта жаңарту кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiне терiс әсер ететiн инженерлiк шешiмдер есебiнен күрделi шығындарды азайтуға жол берiлмейдi. 2. Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудiң, күту мен басқарудың нормативтiк, жобалық және техникалық құжаттамасы жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен келiсiлуге және бекiтiлуге тиiс. 3. Салынған, қайта жаңартылған және жөнделген жолдардың жол жүрiсiнiң техникалық регламенттерiнде белгiленген талаптарға сәйкестiгi жолдарды қабылдап алу актiсiмен куәландырылады. Жолдарды қабылдап алу актiсiн белгiленген тәртiппен өткiзiлген тексерiп қарау, зерттеулер мен сынақтан өткiзу нәтижелерi негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген орган тағайындайтын комиссия бередi.

Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде жолдардың жай-күйiнiң белгiленген талаптарға сай болуы үшiн жауапкершiлiк жобалау кезеңiнде жобаны орындаушыға, ал қайта жаңарту және салу кезеңдерiнде жұмыстарды орындаушыға жүктеледi. 4. Пайдалану процесiнде жолдардың жай-күйi техникалық регламенттерге сәйкес келуiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндет жолды иеленушi (қарамағындағы) заңды және жеке тұлғаларға жүктеледi.

Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.12.29. N 209 Заңдарымен.

Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 24-бап Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы