Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы

Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы
24-бап. Тамақ өнімдерін қадағалауға қойылатын талаптар



Ст. 24 Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301



1. Тамақ өнімдерін қадағалау оларды әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) қамтамасыз етілуге тиіс.  

2. Тамақ өнімдерін қадағалау:  

1) сәйкестендіру;  

2) деректер жинау және жазу;  

3) субъектілер арасындағы өзара іс-қимылдар туралы ақпарат;  

4) деректер алмасу жолымен қамтамасыз етіледі.  

3. Субъектілер тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде технологиялық паспорттар жасау арқылы тамақ өнімдерін қадағалауды қамтамасыз етеді, құжаттамада қажетті технологиялық және бақылау операцияларының жүргізілгені туралы белгі соғылып, анықталған ақаулар және оларды жою жөнінде қолданылған шаралар көрсетіледі.

Субъектілер тиісті таңбалаулар мен қолдарын қоя отырып, осы құжаттарды ресімдейді.

Тамақ өнімдерін қадағалау жөніндегі деректердің жазбасы олардың жарамдылық мерзімі біткен сәттен бастап бір жыл бойы сақталады.  

4. Өткізілуге тиісті тамақ өнімдері одан әрі қадағалану үшін сәйкестендірілуге және таңбалануға тиіс.

Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...35 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 24-бап Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301