Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 118-4 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.12.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
118-4-бап. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкінде есепке алуды тоқтату

1. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған бала туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкінде есепке алуды тоқтатуға: 

ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы отбасына тәрбиелеуге орналастыру; 

ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы оның ата-аналарына немесе ата-анасына қайтару; 

ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланың кәмелетке толуы немесе мұндай баланың өзі кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілеттілікке ие болуы; 

ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланың қайтыс болуы; 

баланың сот тәртібімен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуы, қайтыс болған деп жариялануы негіздер болып табылады. 

2. Баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адам туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкінде есепке алуды тоқтатуға: 

адамның баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауы; 

баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамның ол туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкінде есепке алуды тоқтату туралы жазбаша нысандағы өтініші; 

адамға баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдау мүмкіндігін берген мән-жайлардың өзгеруі; 

баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамның қайтыс болуы негіздер болып табылады.
Статья 1 ...118‑2 118‑3 118‑4 118‑5 119 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 118-4-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV