Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 201 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
201-бап. Баланың туу туралы жазбалар кітабына енгізілетін мәліметтер

Баланың туу туралы акт жазбасына мынадай деректер: 

1) баланың тууын мемлекеттік тіркеу күні; 

2) балаға берілген жеке сәйкестендіру нөмірі; 

3) баланың туу туралы акт жазбасының нөмірі; 

4) тегі, аты, қалауы бойынша - әкесінің аты, баланың жынысы, туған күні, айы, жылы, туған жері; 

5) туған балалардың саны (біреу, егіз немесе одан да көп бала); 

6) баланың тірі туғандығы туралы немесе баланың өлі туғандығы туралы белгі; 

7) баланың туу фактісін растайтын құжат туралы мәліметтер; 

8) баланың заңды мекенжайы; 

9) ата-аналарының тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), туған күні, айы, жылы, жасы, тұрақты тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, азаматтығы, табыс көзі немесе жұмыс орны, білімі және, егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген болса, олардың ұлты; 

10) соның негізінде баланың әкесі туралы мәліметтер енгізілген құжат туралы мәліметтер; 

11) өтініш беруші туралы мәліметтер; 

12) берілген туу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.
Статья 1 ...199 200 201 202 203 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 201-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV