Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы

Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
26-бап. Өтпелi ережелер



Ст. 26 Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234




1. Осы Заң, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 9-бабының екiншi бөлiгiн қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

  Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  

2. Кәсiби бухгалтердiң бiлiктiлiгiн растайтын және уәкiлеттi орган таныған, осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген құжаттар жарамды.  

3. Осы Заңның 2-бабының 3-тармағында көрсетiлген дара кәсiпкерлер және ұйымдар бухгалтерлiк есеп стандарттарын ұлттық стандарттар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қолданады.  

4. "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 12, 116-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2006 ж., N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат) күшi жойылды деп танылсын.  

Қазақстан Республикасының

Президентi


Статья 1 ...24 25 26 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 26-бап Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234