Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы

Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы
13-бап. Балалар ауылының қызметiн басқару



Ст. 13 Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113



1. Балалар ауылының қызметiн басқаруды балалар ауылының құрылтайшысы оның Жарғысына сәйкес тағайындайтын әкiмшiлiк жүзеге асырады.

2. Балалар ауылы әкiмшiлiгiнiң негiзгi қызметiне: V011629

1) балалар ауылының жұмыс iстеуiне қалыпты жағдай жасау және жасөспiрiмдер үйлерiнiң материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;

2) тәрбие процесіне басшылық жасау, оқуды бақылау;

3) балалар ауылының инфрақұрылымын жетiлдiру;

4) балалар ауылына келiп түскен қаражатты материалдық қамтамасыз ету нормаларына сәйкес тәрбиешi-аналардың арасында бөлу;

5) тәрбиешi-аналардың, жасөспiрiмдер үйлерi директорларының ай сайынғы қаржы есептерiн қабылдау және талдау жатады.

3. Балалар ауылының әкiмшiлiгi туралы ереженi бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...37 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113