Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы
26-бап. Жерлеу шығыстарын өтеу



Ст. 26 Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299



1. Шетелде қайтыс болған (қаза тапқан) дипломатиялық қызметтің қызметкерін немесе жұмыскерін жерлеу үшін оның отбасы мүшесіне оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша үш орташа жалақысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.

Шетелде қайтыс болған (қаза тапқан) дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе жұмыскерінің отбасы мүшесін жерлеу үшін дипломатиялық қызметтің қызметкеріне немесе жұмыскеріне оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша үш орташа жалақысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді. 

2. Шетелде қайтыс болған (қаза тапқан) дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе жұмыскерінің не отбасы мүшесінің мәйітін Қазақстан Республикасына оның тұрақты тұратын жеріне немесе қайтыс болған (қаза тапқан) дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе жұмыскерінің отбасы мүшелерімен не дипломатиялық қызметтің қызметкерімен немесе жұмыскерімен келісім бойынша кез келген басқа жерге жеткізу және онымен байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.27 № 366-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...24 25 26 27 28 ...33 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 26-бап Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299