Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы
28-бап. Кепілдік беру қорына қойылатын талаптар



Ст. 28 Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ



1. Кепілдік беру қоры қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсаттары үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген капиталдың жеткіліктілік нормативін сақтайды. 

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген норматив мәнінің нашарлау жағына қарай күтілетін өзгерісі және шекті мәніне жетуі кезінде Кепілдік беру қорының жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерге сәйкес ұлғайтылуға тиіс. 

3. Кепілдік беру қоры тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады. 

4. Кепілдік беру қорының бағдарламалық-техникалық құралдары және негізгі қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де жабдығы болады. 

5. Кепілдік беру қоры капитал жеткіліктілігінің нормативін есептеу үшін: 

1) Кепілдік беру қорының меншікті капиталын; 

2) тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген шартты міндеттемелерді (берілген кепілдіктер бойынша міндеттемелерді) пайдаланады. 

6. Капитал жеткіліктілігінің нормативі меншікті капиталдың тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген шартты міндеттемелерге арақатынасы ретінде есептеледі. 

7. Капитал жеткіліктілігі нормативінің шекті мәні кемінде 0,05 құрауы тиіс. 

8. Капитал жеткіліктілігі нормативінің мәнін есептеу үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес дайындалған шоғырландырылған қаржылық есептілік пайдаланылады. 

9. Кепілдік беру қоры жылдық қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге міндетті.

Статья 1 ...26 27 28 29 30 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 28-бап Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ