Жол жүрiсi туралы
30-бап. Орнықты көлік
Ст. 30 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Жол жүрісі процесінде қоршаған ортаға келеңсіз әсер ету деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін көлік құралдары орнықты көлік болып табылады.
2. Орнықты көлік:
1) көліктерді пайдаланушылардың көлік қажеттіліктерін аз шығын жұмсай отырып, барынша қанағаттандыру, сондай-ақ экономиканың бәсекеге қабілеттілігі және өңірлік дамудың теңгерімділігі үшін барлық көлік түрлерінің қолжетімділігін, ұтқырлығын және жұмыс істеуін;
2) шығарындылар мен қалдықтарды азайтуды, сондай-ақ алып жатқан аумаққа барынша аз әсер етуді және шуды азайту шараларын қамтамасыз етуге тиіс.
3. Орнықты көлікке велосипедтер және экологиялық көлік құралдары жатады.
4. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган:
1) орнықты көлікті ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
2) орнықты көліктің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары орнықты көлікті дамытуды ескере отырып, көліктік жоспарлауды қамтамасыз етеді.

Добавить комментарий к 30-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V