Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Табиғи монополиялар туралы
2-бап. Осы Заңның қолданылуы

Ст. 2 Табиғи монополиялар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018

1. Осы Заң табиғи монополиялар субъектiлерiнiң өмiр сүруiне және iс-әрекетiне байланысты қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногында туындайтын қатынастарға қолданылады. 

2. Осы Заңның ережелерi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, олардың құрылтайшыларының (қатысушыларының) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасалатын әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) де, осы әрекеттер (әрекетсiздiк) осы Заңға қайшы келген және табиғи монополиялардың қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушыларға залал келтiрген жағдайларда қолданылады. 

3. Осы Заңның күшi табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға мынадай: 

1) қызметі тек жеке өзiнiң ғана мұқтаждарына арналған объектiлердi салу мен пайдалануға байланысты болатын; 

2) осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген қызмет: 

осындай қызметтен түскен кірістер күнтізбелік бір жыл ішінде барлық қызметтен түскен кірістің бір пайызынан аспауға тиіс; 

табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтерге 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған тарифтің деңгейін ұстау шарттарының жиынтығы сақтала отырып, жүзеге асырылатын жағдайлардың бірінде қолданылмайды. 

3-1. Осы Заңмен табиғи монополия аясына жатқызылған iс-әрекеттi жүзеге асыратын рынок субъектiлерi үшiн мемлекеттiк реттеу мен бақылау осындай iс-әрекетке қатысты ғана қолданылады. 

3-2. Алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі). 

3-3. Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыз қаражатын тарта отырып, инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыратын және уәкілетті орган бекіткен табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілері үшін осы Заңның ережелері Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартуға қатысатын табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібімен реттелмеген бөлігінде ғана қолданылады. 

4. Осы Заңда қамтылмаған құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамасымен реттеледi.  

5. Осы Заңның күші мемлекеттік ислам арнайы қаржы компанияларының қызметіне қолданылмайды. 

Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.12.26 № 364, 2004.12.09 № 9, 2008.12.29 № 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.06.22 № 21-I (2012.06.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 1‑1 2 3 4 ...23

Перейти к статье






Добавить комментарий к 2-бап Табиғи монополиялар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272