Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Дене шынықтыру және спорт туралы
25-бап. Жоғары дәрежелі спортшылар даярлаудың ерекшеліктері



Ст. 25 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V



1. Жоғары дәрежелі спортшылар даярлауды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы қазақстандық және шетелдік мамандар, сондай-ақ дене шынықтыру-спорт ұйымдары жүзеге асырады.

2. Жоғары дәрежелі спортшылар даярлау Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарттық негізде жүзеге асырылады.

3. Спорттық қызмет туралы шартта спортшының, жаттықтырушының және заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік және медициналық сақтандыру туралы ережелер, шартты жасасу және бұзу талаптары қамтылуы тиіс. Спорттық қызмет туралы шартта Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптар мен міндеттемелер қамтылуы мүмкін.

4. Спортшыны тіркеу туралы куәліктің болуы спорттық қызмет туралы шарттың міндетті талабы болып табылады.

Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...59 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 25-бап Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V