Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Дене шынықтыру және спорт туралы
4-бап. Денешынықтыруды және спортты дамытуды мемлекеттік қолдау



Ст. 4 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V



1. Денешынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қолдау:

1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, оның жүйесін құру, сондай-ақ тиісті нормативтiк-құқықтық, қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлық, ғылыми-әдiстемелiк, медициналық, ақпараттық қамтамасыз ету арқылы денешынықтыру және спорт саласындағы қатынастарды реттеу;

2) денешынықтыру-спорт ұйымдарының сыртқы байланыстарын дамытуға, олардың Қазақстан Республикасында денешынықтыру-спорт қозғалысын дамытуға ықпал ететін халықаралық спорт ұйымдарына интеграциялануына қолдау көрсету;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес спорт ғимараттарын жобалауға, салуға және пайдалануға өз қаражатын салатын отандық және шетелдiк инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау;

4) мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады.

 Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 19.05.2015 № 315-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 2 3 4 5 6 ...59 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V