Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Дене шынықтыру және спорт туралы
52-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімі

Ст. 52 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімі дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға арналған ақпараттық жүйені білдіреді. 

2. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары тізілімге енгізілуге жатады. 

3. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімі мынадай міндетті мәліметтерді: 

1) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимаратының толық атауын; 

2) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимаратының мекенжайын (тұрған жерін); 

3) меншігінде дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимараты бар меншік иесі туралы мәліметтерді; 

4) пайдалануға беру, реконструкциялаудың, күрделі жөндеудің аяқталған күнін; 

5) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимаратының функционалдық мақсатын; 

6) біржолғы қабылдау қабілетін; 

7) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимараты орналасқан жер учаскесінің алаңын; 

8) ғимараттарда қызмет көрсетуші персоналға арналған орындардың бар немесе жоқ екендігін; 

9) медициналық қызмет көрсетуге және допинг-бақылау жүргізуге арналған арнайы жабдықталған үй-жайдың бар немесе жоқ екендігін; 

10) көрермендерге арналған орындардың санын қамтиды. 

11-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Статья 1 ...50 51 52 53 54 ...59

Перейти к статье






Добавить комментарий к 52-бап Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V