Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы

Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы
3-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң мақсаттары мен принциптерi



Ст. 3 Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлд 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169



1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң мақсаты қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету, соның iшiнде қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда депозиторларға кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу арқылы банк жүйесiне деген сенiмдi қолдау болып табылады.

2. Мыналар:

1) жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауды, банк шоттарын ашуды және жүргiзудi жүзеге асыратын банктердiң депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысу мiндеттiлiгi;

2) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң айқындығын қамтамасыз ету;

3) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң жұмыс iстеуiне байланысты тәуекелдердi азайту;

4) кепiлдiк берiлген өтемдi төлеуге арналған арнайы резервтi қалыптастырудың жинақтаушы сипаты депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң негiзгi принциптерi болып табылады.  
2-тарау. ДЕПОЗИТТЕРГE МIНДЕТТI КЕПIЛДIК БЕРУДI ЖҮЗЕГЕ
АСЫРАТЫН ҰЙЫMHЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI ЖӘНЕ OHЫҢ ҚЫЗМЕТI

Статья 1 2 3 4 5 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 3-бап Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлд 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169