Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Газ және газбен жабдықтау туралы
11-бап. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы



Ст. 11 Газ және газбен жабдықтау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV



1. Қазақстан Республикасының аумағын газдандыру Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы Қазақстан Республикасының тауарлық және сұйытылған мұнай газына деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етудің басымдығы ескеріле отырып, тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндірудің, өткізудің және тұтынудың болжамды балансы негізінде әзірленеді.

3. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін орналастыру схемасын, салу, жаңғырту, және (немесе) реконструкциялау жоспарланған газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің тізбесі мен техникалық сипаттамасын, қажетті қаржы ресурстары мен олардың көздерін, тауарлық және сұйытылған мұнай газының перспективалы ресурстарын, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және салу жоспарланған газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері бойынша газ беру схемасын қамтиды.

4. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тауарлық газды, оның ішінде сұйытылған табиғи газды қайтадан газға айналдыру процесінде алынған газды пайдалануының басымдығы ескеріле отырып әзірленеді.

5. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасының іске асырылуын қаржыландыру ұлттық оператордың табыстары, бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

6. Газдандырудың бас схемасын іске асыру үшін жер учаскелерін резервке қою Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...35 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Газ және газбен жабдықтау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Газ және газбен жабдықтау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV