Газ және газбен жабдықтау туралы
4-бап. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, қағидаттары мен міндеттері
Ст. 4 Газ және газбен жабдықтау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары Қазақстан Республикасының энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту болып табылады.
2. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) газбен жабдықтаудың қауіпсіздігі мен сенімділігі;
2) газ ресурстарын пайдаланудың ұтымдылығы;
3) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарлық және сұйытылған мұнай газымен Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етудің басымдығы;
4) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектілерді газдандыру басымдығы;
5) газ және газбен жабдықтау саласындағы баға саясатының теңгерімділігі қағидаттарына негізделеді.
3. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері:
1) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесін құру;
2) Қазақстан Республикасының тауарлық және сұйытылған мұнай газына деген ішкі қажеттіліктерін іркіліссіз қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
3) Қазақстан Республикасында тұтынылатын отын-энергетика ресурстарының жалпы көлеміндегі тауарлық және сұйытылған мұнай газының үлесін ұлғайту.
2-тарау. ГАЗ ЖӘНЕ ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ
Добавить комментарий к 4-бап Газ және газбен жабдықтау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV